KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, З
502.27 597.15 6.57

ШҚО-да алаяқ спорт жарыстарына ақша тігіп, қаражатты еселеп беруге уәде берген

7.09.2020, 10:52 217

Шығыс Қазақстан облысында алаяқтар тұрғындардан 1 млн теңге алып, спорт жарыстарынан пайдаға кенелтетінін айтқан, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, Өскемен қаласының үш тұрғыны интернет-алаяқтықтың 90 эпизодына кінәлі деген күдікке ілінген. Олардан бес телефон мен төрт банк картасы тәркіленген.

«Ұсталған үш адам  Instagram желісінде спорт жарыстарына ақша тігіп, тұрғындардың қаражатын еселеп беруге уәде берген», - деді ШҚО ПД өкілдері.

Олар үш тұрғынға 1 млн теңге шығын келтірген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу