KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
507.05 594.82 6.51

Алматы – Өскемен тасжолында жол апаты болды: зардап шеккендер бар

25.04.2023, 10:13 567 Ләззат Қанатқызы

24 сәуір күні Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам мен кішкентай бала көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысының маңында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Автожолдың 190 шақырымында Subaru Legacy маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам мен кәмелетке толмаған бала көз жұмды.
Зардап шеккен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оның ішінде үш бірдей кәмелетке толмаған бала бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу