KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1 м/с, С
501.79 595.07 6.56

Өскемендік «Торпедо» Құрлықтық кубоктағы алғашқы кездесуін жарқын жеңіспен бастады

16.01.2026, 11:00 473 Даурен Аллабергенұлы

Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өткен Құрлықтық кубоктың алғашқы матчында өскемендік «Торпедо» командасы Данияның атақты «Herning Blue Fox» клубын айқын басымдықпен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл «Herning Blue Fox» командасы Дания чемпионы атағын 16 рет иеленген, ел кубогын 7 мәрте жеңіп алған, сондай-ақ Құрлықтық кубокта екі рет жүлдегер атанған тәжірибелі ұжым. Соған қарамастан, кездесудің басындағы толқуды жеңе білген «Торпедо» ойыншылары ойын тағдырын өз пайдасына шешіп, қарсыласынан 6:2 есебімен асқан айқындықпен басым түсті.

Өскемендік клуб сапынан жеңіс әкелген шайбаларды бірінші болып Михаил Рахманов қарсылас қақпасына кіргізсе, Никита Колобов Данияның қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Ал Максим Мусоров, Дмитрий Гренц және Илья Кляузов таблодағы есепті еселей түсіп, бір-бір шайбадан команда қоржынына олжа салды.

Сонымен «Herning Blue Fox» (Дания) және «Торпедо» (Өскемен) командалары күш сынасқан матчтың қорытынды есебі 2:6 көрсеткішімен жерлес команданың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, қос қарсылас ойынның алғашқы кезеңінде 1:1 болып тең түсссе, үзілістен соң екінші кезеңде өскемендік ұжым күштерін жинақтап, ойын тізгінін өз қолдарына алды, есеп – 1:3. Ал шешуші сәтте даниялық қарсыластар еш қайрат көрсете алмай 0:2 есебімен тізе бүгуге мәжбүр болды. Қақпашы Пестов «Торпедо» қақпасын тас-түйін сауатты қорғағанын да айта кеткен орынды.

Ойынға қатысқан «Торпедо» құрамасы ойыншылары – Пестов, Янков, Хорошев, Боровиков, Колобов, Кляузов, Рунов, Александров, Пелевин, Мусоров, Глухих, Рахманов, Рыжий, Гавриленко, Панченко, Гренц, Алдабергенов, Быков, Рысбеков, Рифель, Яковлев және Боровков.

Енді «Торпедо» командасының келесі қарсыласы Францияның «Дюк Д’Анже» клубы болмақ. Екі команда арасындағы тартысты матч 16 қаңтар күні, яғни, Астана уақытымен кешкі 19:30-да өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу