KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 6 м/с, СБ
503.44 593.35 6.55

ШҚО-да алты аудандағы электр қуаты тапшылығын жоятын жоба іске қосылады

11.08.2025, 14:05 630 Әбішев Ержан

ШҚО-да 63 мегаватт электр энергиясы тапшылығы бар аудандардың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған ауқымды жоба қолға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аймақ басшысының айтуынша, мәселе Зайсан, Тарбағатай, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім және Марқакөл аудандарында өзекті болып отыр.

– Біз Үкімет алдына осы мәселені ұсындық. Үкімет қолдау беріп отыр. Енді осы мәселені шеше бастаймыз. Глубокое ауданындағы Предгорный УК-500 станциясынан сол аудандарға желі тартсақ, аталмыш аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа кезеңге өтеді деп ойлаймыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жоспар бойынша электр энергиясы жаңа желі арқылы жеткізіледі. Бұл желі Глубокое ауданындағы Предгорный УК-500 қосалқы стансасынан тартылып, аталған аудандарды қосымша қуат көзімен қамтамасыз етеді. Жаңа инфрақұрылым шағын және орта бизнестің дамуына, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттыруға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Фото: Жібек Нұрахмет

Видео: Руслан Акматалиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу