KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

Боранға байланысты "Шемонаиха-Секисовка" тас жолында шектеулер енгізілді

pexels.com

21.01.2025, 16:00 571 Төлеуғазы Жансая

"ОблШығысЖол" ЖШС ақпаратына сәйкес, 21 қаңтар сағат 16:00-ден бастап "Шемонаиха-Секисовка" тас жолының 0-56 шақырым аралығында ауа-райының қолайсыздығына байланысты (боран, көктайғақ) шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-Бұл шектеу тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен рұқсат етілген шекті салмағы 3,5 тоннадан асатын көліктерге, сондай-ақ тұрақты жолаушыларды тасымалдайтын көліктерге (автобус, шағын автобустар) қатысты,- делінген хабарламада.

Тұрғындардан сақтық шараларын сақтап, жолға шықпауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу