Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
stock.adobe.com
Қазақстанның ұлттық архив қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әнінің сирек жазбалары сақталуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мұралар «Архив-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылған. Мамандардың айтуынша, жазбалар 1930-1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген болуы мүмкін.
Тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық қазынасын ғана емес, ұлттық өнердің сол кезеңде бүкіл одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды. Мәселен, «Известия» газетінде жарық көрген Н. Изгоевтің мақаласында:
Аталған жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР Ұлттық архивінің қорына енгізілді.