KZ
Өскемен
-16°
пасмурно Штиль
501.79 595.07 6.56

SMS-хабарлама әскерге шақырудың заңды тәсіліне айналады

altainews.kz

25.08.2025, 10:30 234 Төлеуғазы Жансая

Ашық НҚА порталында ҚР Үкіметінің қаулысы жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, бұдан былай азаматтарға әскерге шақыру туралы телефонға келген SMS ресми хабарлама ретінде есептелетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының әскери-патриоттық тәрбиелеу, әскери қызмет мәселелері, әскери қызметін және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес әзірленді.Жаңа норма әскерге шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін нақтылауға, сондай-ақ әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру рәсімін мемлекеттік қызмет көрсету форматына көшіруге бағытталған,- делінген ресми құжатта.

Ең басты жаңалық – әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың телефон нөміріне жолданған SMS-хабарлама ресми шақыру құжатымен теңестіріледі.

Қаулы жобасы 2025 жылдың 9 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу