Елімізде балаларға жиі қойылған ең танымал 10 есім жарияланды
Фото AI арқылы жасалған
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылы қазақстандық ата-аналар балаларға жиі қойған есімдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы ұл балалар арасында ең көп қойылған есімдер: Мұхаммед, Айсұлтан, Алихан, Мұхаммад, Омар, Алдияр, Амир, Алан, Али және Хамза.
Қыздар арасында танымал есімдер қатарында: Айлин, Медина, Асылым, Айша, Томирис, Аяла, Айым, Раяна, Сафия және Мариям.
Мамандардың айтуынша, баланың есімі оның мінез-құлқы мен болашақтағы тұлғалық дамуына да әсер етуі мүмкін. Психологтар әдемі әрі мағыналы есімдер бүлдіршіннің әлеуметтік ортаға бейімделуіне оң ықпал ететінін атап өтеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 15 жасқа дейінгі 6,2 миллион бала бар.