KZ
Өскемен
-18°
переменная облачность жел 1,8 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Елімізде 94 мыңнан астам ер педагог еңбек етуде

8.05.2025, 14:30 373 Гульжан Мусина

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, елімізде білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді.

Олардың ішінде:

    •    14 055 педагог колледждерде,
    •    77 787 мұғалім жалпы білім беретін мектептерде,
    •    2 710 тәрбиеші мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет атқаруда.

Бұл көрсеткіш ер адамдардың білім беру саласына белсенді араласып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік дерегіне сәйкес, педагогикалық кадрлардың жыныстық және кәсіби теңгерімін сақтау – білім беру сапасын арттырудағы маңызды факторлардың бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу