KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Қазақстанның шорт-тректен ұлттық құрама командасы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайын

12.12.2025, 11:00 182 Төлеуғазы Жансая

Әлемдік аренада ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері ресми түрде жарияланды. Олар – биыл 9 қазан мен 30 қараша аралығында өткен Шорт-трек бойынша Әлемдік турдың шешуші кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетіп, Олимпиада лицензияларын жеңіп алған шеберлер, деп хабарлайды Altainews.kz.

Биылғы маусым Қазақстан шорт-трекшілері үшін айрықша сәтті болды. Ұлттық құраманың қоржынына жалпы 9 Олимпиада лицензиясы түсті. Спортшылардың нәтижелерін саралай келе, бас бапкер Петр Гамидов пен бапкерлер штабы 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел атын қорғайтын негізгі құрамды бекітті.

Милан – Кортина-д’Ампеццо Олимпиадасында Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғайтындар:

Денис Никиша

Абзал Әжіғалиев

Ольга Тихонова

Яна Хан

Бұл таңдауда спортшылардың тұрақты көрсеткіштері, әлемдік тур кезеңдеріндегі жарыс қарқыны және халықаралық аренадағы тәжірибесі ескерілген.

Олимпиада лицензияларының бөлінісі

Микст-команда:

2000 м – 1 лицензия

Ерлер құрамасы:

500 м – 2 лицензия

1000 м – 1 лицензия

Әйелдер құрамасы:

500 м – 2 лицензия

1000 м – 1 лицензия

1500 м – 2 лицензия

Осылайша Қазақстан шорт-трекшілері алты қашықтық бойынша бақ сынауға толық мүмкіндік алды. Бұл – ұлттық спорт мектебінің жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Мәнерлеп сырғанаудан да қуанышты жаңалық

Олимпиада жолына шығатын қазақстандық спортшылар қатары бұнымен шектелмейді. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында қажетті олимпиадалық нормативті орындап, тағы екі жолдама еншіледі. Осылайша қазақстандық спортшылардың жалпы саны 6-ға жетіп, ел қоржынына жиналған лицензиялар саны 11 болды.

Олимпиадаға дайындық жалғасуда

Олимпиада жолдамаларының түпкілікті саны 2026 жылғы қаңтардың соңында нақтыланбақ.

Ал XXV қысқы Олимпия ойындарының өзі 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Бұл дүбірлі додада 93 елден 3 500-ден астам спортшы бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының Олимпиада алдындағы дайындығы қызу жүріп жатыр. Жанкүйер қауым спортшыларымыздың жаңа жетістіктерін асыға күтуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу