KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
503.35 590.63 6.62

Жазғы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге қанша мөлшерде айыппұл салынады?

Фото: egemen.kz

13.11.2023, 16:06 462

Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай.

Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Спикердің сөзінше, тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

— Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл — қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі — жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес, — дейді Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.

Полицейлер 1 қарашада осы бағыттағы профилактикалық жұмысты бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу