KZ
Өскемен
-4°
снег жел 1 м/с, С
503.44 593.35 6.55

Назарбаев Семейдегі "Абай арена" атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді

18.03.2021, 13:59 2 731

Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі "Абай арена" стадионы өз атауын сақтауы тиіс деп санайды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. 

- Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс, - деп жазды ол Twitter-де. 

Бұған дейін БАҚ-та Семейде даңғыл мен аренаға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған. Айбек Нұғымаровтың сөзінше, ұсынысты 30-ға жуық адам жасаған. Оның ішінде, ақсақал, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың қоғам белсенділері бар. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу