KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, СБ
502.27 597.15 6.57

«Шығыс Салбурыны – 2025»: бүгін ақтық мәре!

11.10.2025, 09:30 214 Базарова Айгүл

Бүгін, 11 қазан күні, Ұлан ауданының Бозанбай ауылы маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында дәстүрлі «Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық бүркітшілер фестивалі өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Үш күнге созылған бұл этношарада бүркіт, ителгі, қаршыға баптаған құсбегілер мен тазы жүгірткен саятшылар сынға түсті. Сондай-ақ, ұлттық киім, қолөнер, атбегілік пен аңшылық дәстүрлер дәріптеліп, нағыз қазақтың қыран рухы сезілді.

Бүгінгі финалдық күні бүркіт, ителгі, қаршыға жарыстарының шешуші кезеңдері, жамбы ату, теңге ілу, асау үйрету, шоy-айтыс және марапаттау рәсімі өтеді.

Фестивальдің мақсаты – ата-баба дәстүрін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды әлемге таныту, жас ұрпаққа саятшылық өнерін дәріптеу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу