KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 1 м/с, С
501.79 595.07 6.56

«Жағдайды тез арада өзгерту керек» - Даниал Ахметов Алакөлдегі бизнес туралы

2.03.2022, 15:41 158

Өткен жылы Алакөлдегі жергілікті кәсіпкерлердің кірісі 18 миллиард теңге болған. Бұл туралы Даниал Ахметов Өскемен қаласының тұрғындармен кездесуінде айтты.

Ал кірістен мемлекет қазына түскен салық 6 есеге төмен. Яғни, 87 миллион теңгені құраған.

Әкімнің айтуынша, шын мәнінде салық сомасы 540 миллион теңге болуы керек еді, яғни облыс бюджетіне 453 миллион теңге түспеген.

-  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бизнесмендермен кездесуінде ұлттық табыс құрылымында жеке сектордың пайдасы ең жоғары екенін, яғни 61,5%-ды құрайтынын, түскен салықтың үлесі – 7,3 екенін атап өтті. Ал сәйкесінше қазақстандықтардың жалақысынан түскен салық – 31 %, яғни үштен бірін құрап отыр. Тепе-теңдік жоқ. Жағдайды тез арада өзгерту керек, бұл көп жағдайда кәсіпкерлерге байланысты. Бизнес көлеңкеден шығып, салықты адал өтеп, лайықты еңбекақы төлеуі керек, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Президент салықты адал жолмен төлеу тиімді және қарапайым болатындай етіп жасау туралы тапсырма берген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу