KZ
Өскемен
небольшой снег жел 4 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясын бастады

3.12.2025, 13:00 107 Ержан Әбіш

Аграрлық несие корпорациясы қарызын өтеуде қиындыққа тап болған борышкерлер үшін арнайы мүмкіндік ұсынып, «Қарызды өсімпұлсыз төле» атты жаңа акцияны іске қосты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл шара аясында қарыз алушылар бұрын жинақталған өсімпұлдан толық босатылып, тек негізгі берешек пен мерзімі өткен төлемдерді өтеп, қарызын жаба алады. Акцияға сот шешімі шыққан қарыз алушылар да, жай ғана берешегі бар заңды және жеке тұлғалар да қатыса алады.

Бұл бастама қарыз алушылардың қаржылық жүктемесін азайтып, борыштық міндеттемелерді реттеуді жеңілдетуге бағытталған. Өсімпұлды есептен шығару тек қарыз алушы төмендегі қаржылық міндеттемелерді толық өтегеннен кейін ғана жүзеге асады:

– мерзімі өткен сыйақы сомасы;
– мерзімі өткен негізгі борыш;
– айыппұлдар.

Корпорация әрбір қатысушы акцияны тек бір рет пайдалана алатынын атап өтті. Бұл ретте төлемдер тек Аграрлық несие корпорациясының ресми банктік шоттарына аударылуы тиіс. Қатысу мерзімі 2025 жылдың 26 желтоқсанына дейін жалғасады. Осы күнге дейін төлем жасаған азаматтар мен шаруашылықтар өсімпұлдан толық босатылады.

Аграрлық несие корпорациясы акцияның барлық шарттары мен қажет реквизиттерді алдын ала тексеруге шақырады. Қосымша ақпарат алу үшін Agrocredit.kz ресми сайтына кіруге, сондай-ақ Call-орталықтың 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бұл акция көптеген шаруалар мен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын жеңілдетіп, қарыздық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу