KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Шығыс Қазақстанда «Altai Invest-2025» халықаралық форумына дайындық жалғасуда

6.09.2025, 15:30 4 999 Ержан Әбіш

Осы сенбі күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен алдағы «Altai Invest-2025» халықаралық форумына дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жиында ТҮКШ, туризм, кәсіпкерлік, автожолдар және өзге де басқарма басшылары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Жұмыс үдерістерінің уақтылы ұйымдастырылғаны атап өтіліп, форум бағдарламасын толықтыру және болашақ меморандумдардың тақырыптарына қатысты жаңа идеялар ұсынылды.

Шетелдік әлеуетті инвесторлармен келіссөздердің белсенді жүргізіліп жатқаны ерекше атап өтілді.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға қалған ұйымдастыру мәселелерін пысықтауды тапсырды. Атап айтқанда, цифрландыру басқармасына форум күндері жұмыс істейтін БАҚ орталығы үшін үздіксіз байланыс қамтамасыз ету жүктелді.

"Altai Invest-2025" сияқты маңызды шараға дайындық пен оны жоғары деңгейде өткізу біз үшін айрықша мәнге ие. Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастыру қажет. Көмір сатып алу мәселелері басымдықта қала береді, - деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ ол абаттандыру мәселелерінің де назардан тыс қалмайтынын айтты. Атап айтқанда, жолдарда бағдаршамдардың жақсы көрінуін қамтамасыз ету және көшелеріміздің жинақы келбетін қалыптастыру үшін ағаштарды реттеп кесу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу