Алдағы күндері Өскеменде мәдени және спорттық шаралар өтеді
altainews.kz
Облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарын алдағы күндері мәдени және спорттық іс-шараларға толы мазмұнды бағдарлама күтіп тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
27 тамыз
10:00, «Гостиный двор» сауда кешені (Қазақстан көшесі, 159) – жергілікті тауар өндірушілердің «Өскемен өнімі» көрмесі;
18:00, Жастар саябағы (Тоқтаров көшесі, 47а) – классикалық музыка кеші «Жарқыраған оперетта сәті».
28 тамыз
09:00, Ахмер ауылы, Қабанбай батыр ескерткіші алдында – ұлттық спорт түрінен «Шырға тарту» жарысы;
18:00, ДКМ алдындағы алаң – 90–2000 жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кеш.
29 тамыз
17:00, Үлбі жағалауы – мерекелік шеру «Аналар шеруі»;
18:00, Амфитеатр (Ертіс көпірінің асты) – жастарға арналған сәнді кеш «OSKEMEN QALAISYN».
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шаралар әрбір тұрғынға ерекше көңіл-күй сыйлап, қала күнін ұмытылмас етеді. Бағдарламада ұлттық дәстүрден бастап заманауи мәдени бағыттарға дейін қамтылған.