Өскеменде ашық аспан астында классикалық музыка кеші өтеді
pixabay.com
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мен қала күніне орай Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған ашық аспан астындағы үлкен классикалық музыка концерті өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кеш бағдарламасын Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры дайындаған. Көрермендерді театрдың солистері мен оркестрінің орындауындағы ариялар мен опереттаның таңдаулы шығармалары күтіп тұр. Сондай-ақ әлемдік және отандық музыкалық мәдениеттің ең үздік туындылары шырқалып, мерекелік көңіл күй мен ерекше үйлесім сыйлайды.
Концерт 27 тамыз күні сағат 18:00-де Тоқтаров көшесі, 47а мекенжайындағы театр ғимаратының алдында, «Жастар» саябағында өтеді.
Роксана Глыбова