KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
522.38 612.6 6.54

ШҚО делегациясы Тверь облысы (РФ) бизнес-құрылымдарының өкілдерімен кездесті

19.06.2025, 22:43 294 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған ШҚО делегациясы XXVIII Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей Федерациясы Тверь облысының бизнес-құрылымдары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздерге Тверь облысы тарапынан «Завидово Форест» ЖШҚ, «Парма» ЖШҚ, «ЭКИПЦЕНТР» ЖШҚ сынды кәсіпорындар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамында облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов, цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимағамбетов, сондай-ақ Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков болды.

Сапар барысында делегация «Экспофорум» конгресс-көрме орталығында да болды.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу