KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

ШҚО-да тәртіп сақшылары бақылауды күшейтпек

26.10.2020, 13:17 733

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

26 қазан мен 1 қараша аралығында аймақ көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

– Полиция қызметкерлері елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжайларды аралап, тәртіптің қатаң сақталуын қадағалайды. Сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау бойынша да жұмыстар жүргізіледі, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу