Күршімнің Ақсуатында 6 жастағы бала суға батып кетті
Алты жасар бала суға кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Төтенше жағдай басқармасының айтуынша, жан түршігерлік оқиға 17-ші маусым күні Күршім ауданындағы Ақсуат ауылында болған.
Зайсан көліне шомылу кезінде бала суға батып кеткен. Құтқарушылар барша ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауларын өтінеді. Айта кететін тағы бір жайт, былтырғы жылы ШҚО-да 7 бала суға кеткен болатын.
Сақ болыңыздар!
Оқи отырыңыз