Шығыстағы брендтік фестивальдер жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді
Фото: Жасанды интеллект
Бұдан былай Шығыс Қазақстанда туризмнің әлеуетін арттыруға және аймаққа туристерді тартуға бағытталған іс-шаралар – туристік және брендтік фестивальдер мен мерекелер – дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Соңғы жылдары өзге облыстардан Катонқарағай мен Бұқтырмаға келетін демалушылардың саны айтарлықтай артқан. «Катонқарағай, салқын самал-ай» деп, қазақстандықтар Шығысқа, Өр Алтайға асығуда.
– Отандастарымызға және шетелдік қонақтарға облыстың туристік мүмкіндіктерін көрсету үшін «Шығыс салбурыны», биыл алғаш өтетін Дүниежүзілік туризм күні фестивалі, шетелдік және қазақстандық танымал блогерлар туры, Катонқарағайдағы ұлттық мәдени фестивальдер секілді 7-8 туристік шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі, – деді облыстық туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оқи отырыңыз