ШҚО-да аңшылық туризмге арналған фестиваль өтеді
depositphotos.com
Шілде айының соңында Шығыс Қазақстан облысында аңшылық туризміне арналған фестиваль өтеді. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және жақын шетелдерден аңшылар қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Туристерді тарту мақсатында өңірде жыл сайын «Шығыс салбурыны», «АязАта, Ақшақар», «AltaiFest», қысқы балықшылар фестивалі «Бұқтырма балықшысы», «Алтай – түркі дүниесінің алтын бесігі» секілді имидждік фестивальдер өткізіліп келеді.
ШҚО туризм басқармасының мәліметінше, биыл бұл тізімге жаңа шара – аңшылық туризміне арналған фестиваль қосылады. Ол 25-27 шілде аралығында өтеді. Іс-шара Қазақстан мен жақын шетелдердің аңшыларын бір арнаға тоғыстырады деп күтілуде.
Елизавета Седых