KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
501.02 597.27 6.59

Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде алғаш рет аталып өтуде

pixabay.com

23.04.2025, 09:05 413 Төлеуғазы Жансая

Биыл елімізде алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде атап өтілуде. Бұл атаулы күн былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес белгіленген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күніне орай қазақстандықтарды құттықтап, бұл күннің маңызын атап өтті.

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу