KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
501.02 597.27 6.59

"Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолында санитарлық-гигиеналық кешендер ашылды

t.me/qazavtojol

13.07.2024, 20:00 354 Назерке Каримова

Республикалық автожолдардың бойында жаңа санитарлық-гигиеналық кешендер ашылуда.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жол бойындағы сервисті дамыту көздейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Бүгінгі күні "Балқаш-Бұрылбайтал" тас жолының 1908, 1912, 1954, 2081-ші шақырымдары аралығында және "Талдықорған-Қалбатау-Өскемен" жолының 323, 387, 472, 509-шы шақырымында жаңадан соғылған санитарлық-гигиеналық кешендер ашылды. Осы нысандарды жергілікті тұрғындар жалға алып, шағын сауда орындарын ашып, жол пайдаланушыларға қызмет көрсетуде, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы. - Санитарлық-гигиеналық кешендерді таза ұстап, қоқыстарды арнайы жәшіктерге тастауларыңызды сұраймыз.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу