KZ
Өскемен
-26°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда қосымша бағыттарды іске қосады

8.05.2025, 15:00 351 Гульжан Мусина

Жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы жазғы кезеңде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады. Бұл шешім демалыс маусымында халықтың сапарға шығу қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында қабылданып отыр.

Жаңа бағыттар маусым мен қыркүйек аралығында жүзеге асады. Қозғалыс кестесіне 3 «Тальго» пойызы, 5 стандартты пойыз енгізіліп, тағы 3 бағытта қосымша вагондар тіркеледі. Бұл жаңашылдық 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жаз мезгілінде қатынайтын пойыздар:

    1.    №253/254 «Астана — Достық» (Тальго) пойызы – аптасына 2 рет;
    2.    №207/208 «Алматы — Жаланашкөл» (Тальго) пойызы – белгіленген күндері;
    3.    №211/212 «Алматы — Достық» (Тальго) пойызы – күнара;
    4.    №221/222 «Алматы — Достық» пойызы – аптасына 3 рет;
    5.    №457/458 «Семей — Достық» пойызы – күнара;
    6.    №459/460 «Өскемен — Достық» пойызы – күнара;
    7.    «Алматы — Достық» бағытына – қосымша вагондар (күнара);
    8.    «Қызылорда — Достық» бағытына – қосымша вагондар (күнара);
    9.    «Павлодар — Достық» бағытына – қосымша вагондар (күнара);
    10.    №201/202 «Астана — Алматы» пойызы – күн сайын;
    11.    №203/204 «Астана — Шымкент» пойызы – күн сайын қатынайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу