Елімізде 537 гидротехникалық құрылысқа күрделі жөндеу қажет
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқынға тосқауыл бола алатын гидротехникалық құрылыстардың санын атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап.
– Бүгінгі таңда ел аумағында 1502 гидротехникалық құрылыс (405 су қоймасы, 247 бөгет, 461 бөгесін, 118 гидроторап, 271 тоған) бар. Оның ішінде 331 нысан республикалық меншікте, 934-і коммуналдық меншікте, 229-ы жеке меншікте болса, 6 нысанның иесі жоқ, – деп мәлімдейді министрлік.
Ресми мәліметте кейінгі зерттеулер қорытындысы бойынша 537 гидротехникалық құрылысқа күрделі жөндеу қажет екені айтылған. Оның 52-сі республикалық, 428-і коммуналдық, 49-ы жеке меншікте. Иесіз қалған 6 нысан да күрделі жөндеуді қажет етеді.
Оқи отырыңыз