KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, СБ
502.27 597.15 6.57

ШҚО-да үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

23.06.2025, 20:30 911 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында бір топ мемлекеттік қызметші кәсіби мерекелері қарсаңында арнайы төсбелгілермен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің ел дамуы жолындағы рөлі ерекше атап өтілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мемлекетке қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен табандылықты, терең білім мен адамгершілік қасиеттерді қажет ететін абыройлы міндет. Әрқайсыңыздың кәсібилігіңіз, адал еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздер мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың алғы шебінде жүрсіздер, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөзінде.

Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде облыста шамамен 4 мың мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Олардың 70 пайызы – нәзік жандылар. Барлық атқарушы билік өкілдерінің бірлескен қажырлы еңбегінің арқасында Мемлекет басшысының тапсырмалары уақытылы орындалып, Үкімет белгілеген межелерге қол жеткізіліп келеді.

– Ең бастысы – халықтың билікке деген сенімін нығайтып келеміз. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет ардагерлеріне алғысымды білдіремін. Олардың мол тәжірибесі мен парасаты – бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесінің берік іргетасы, – деді әкім.

Салтанатты шарада «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен облыс әкімінің аппаратының хаттама бөлімінің жетекшісі Жанат Турсиянова, Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Нина Беляева, облыстық қаржы басқармасының бас маманы Жұлдыз Жартаева марапатталды.

Сонымен қатар «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі және облыс әкімінің алғыс хаты бірқатар қызметкерлерге табысталды.

– Биыл менің мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек өтілім – 38 жыл. Институт бітірген соң облыстық жоспарлау комиссиясында 22 жыл, кәсіпкерлік басқармасында 7 жыл жұмыс істедім. Соңғы 7 жыл бойы облыс әкімінің аппаратында қызмет етудемін. Қазіргі қызметім – хаттама бөлімінің жетекшісі. Барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын. Ең бастысы – мамандыққа адал болу, жұмыстан қорықпау. Тәжірибе – уақытпен келеді. Барлығы ел мен халық игілігі үшін жасалады, – деді Жанат Турсиянова.

Тайыр Сапарғалиев
Фото: Махаббат Ахметжанова, Екатерина Сёмина
Видео: Руслан Акматалиев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу