KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, З
502.27 597.15 6.57

Глубокое ауданында боранға байланысты бірқатар мектеп қашықтықтан оқытуға көшті

5.12.2025, 14:15 162 Базарова Айгүл

5 желтоқсан 2025 жылы Глубокое ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше білім беру ұйымының сабақ форматы өзгерді. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде білім беру қашықтықтан жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Қашықтықтан оқуға ауысқан мектептер:

«Секисовка орта мектебі – БМ» КММ

«Белокаменка негізгі мектебі» КММ

Сонымен қатар 5 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты 2-ауысым оқушылары үшін де оқу үрдісі онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл шешім келесі білім беру мекемелеріне қатысты:

«Винное орта мектебі» КММ

«Белоусовка негізгі мектебі» КММ

«Белоусовка жалпы білім беретін №2 мектебі» КММ

«Белоусовка бастауыш мектебі – балабақшасы» КММ

Қауіпсіздік мақсатында ата-аналарға балаларын тас жолға шығармауға, ал оқушыларға онлайн сабақтарға белсенді қатысуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу