KZ
Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

«Таза Қазақстан» аясында экологиялық мәдениетті арттыруға арналған қоғамдық кездесу өтті

26.11.2025, 09:00 146 Базарова Айгүл

Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған кең көлемді қоғамдық кездесу өтті. Шарада тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару және табиғатқа жанашырлықпен қарау жөніндегі маңызды бастамалар талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жиынға Қоғамдық кеңес мүшесі Ернар Үсенов пен эко-белсенді Аружан Аимишова қатысып, өңірде жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалардың нәтижелерімен бөлісті. Спикерлер әрбір азаматтың белсенді ұстанымы қоршаған ортаны қорғауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында жыл басынан бері атқарылған негізгі жұмыстар таныстырылды. Атап айтқанда, 200-ден астам экологиялық акция ұйымдастырылып, 500 тоннадан аса қоқыс жиналды. 11 мыңнан астам ағаш, 46 мың түп гүл отырғызылды, бұдан бөлек тұрғындар мен жастар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру шаралары жүргізілді.

Экологиялық бастамалардың маңызы ел көлеміндегі саясатпен де үндеседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 21 сәуірде өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде бұл шара бір реттік акция емес, әр қазақстандықтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс екенін баса айтқан еді. Бүгінгі қоғамдық кездесудің мазмұны да осы ұстанымның айқын жалғасы болды.

Тұрғындар жиын барысында өз ұсыныстарын ортаға салып, қаланы көгалдандыру, абаттандыру және экологиялық жобаларды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде ой бөлісті.

Қоғамдық кездесу қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті нығайтуға тың серпін беріп, табиғатты қорғау ісінде азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу