Қазақстанда парламенттік реформаларға қатысты ұсыныстарды онлайн жинау басталды
Бүгін Қазақстанда парламенттік реформаларға қатысты ұсыныстарды онлайн жинау басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының мемлекетттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айта кетейік, мемлекет басшысы жұмыс тобының алғашқы отырысында ел азаматтарының Парламенттік реформаны талқылауға қатысуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік e-Otinish платформасында және eGov сервисінде азаматтардың парламенттік жүйені жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жинау ұйымдастырылады.
«Олар «Парламенттік реформа» атты арнайы бөлімге ұсыныстарын жолдап, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлес қоса алады», - делінген хабарламада.
Парламенттік реформаны мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалог арқылы жүзеге асыру Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарына толық сәйкес келеді.