KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
520.02 608.79 6.57

ШҚО-да биыл 700 шақырымнан астам жол жөнделмек

1.09.2025, 14:45 211 Серік Құсанбаев

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласының тұрғындарымен кездесуде өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар мен жол жөндеу жұмыстарына жеке тоқталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Соңғы жылдары облыста көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға айрықша көңіл бөлініп, ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен былтыр Бұқтырма көпірі пайдалануға берілді. Бұл – өңір үшін стратегиялық маңызы зор жоба. Биыл Катонқарағай мен Зайсан аудандарында жаңа әуежайлардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл бастамалар тек жол қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға да серпін береді, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өткен жылы «Жол жылы» аясында облыста 710 шақырым жол жөнделсе, биыл кемінде 700 шақырым жолды қайта жаңарту көзделіп отыр. Атап айтқанда, Қалбатау – Майқапшағай күре жолының құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ, Рахман қайнары мен Майқапшағай бағытындағы жолдарды қалпына келтіру жалғасуда.

Өткен жылы Риддер қаласында 3,5 млрд теңгеге 38 шақырым жол мен көшелер жөнделді. Оның ішінде Өскемен – Риддер тас жолының алғашқы 30 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп, қалаішілік 8 шақырым көше жөнделді.

Биыл бұл жұмыстар жалғасын табады. Қазір республикалық маңызы бар 75 шақырым жолды орташа жөндеуге 6,6 млрд теңге бөлінді. Оның аясында Өскемен – Риддер – Ресей шекарасына дейінгі 35 шақырым жол (70–105 км) жөнделіп жатса, сол бағыттың 30–70 км бөлігі де қайта қалыпқа келтірілуде.

Бұған қоса, Громотуха өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеуге 348,2 млн теңге қарастырылды. Қала көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары да жоспарға енгізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу