KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

gov.kz

16.06.2024, 10:00 307 Назерке Каримова

Бүгін күллі мұсылман үшін қасиетті Құрбан айттың бірінші күні.

Таңғы 6.00-де барлық мешіттерде айт намазы оқылып, артынша құрбан шалына бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

Президент бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам екенін атап өтті.

- Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор.  Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.


Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. 

- Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз, - деді мемлекет басшысы. - Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу