KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 4 м/с, З
503.44 593.35 6.55

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Фото: el.kz

9.04.2024, 12:13 427 Айжанат Бақытқызы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, тізім келесі мерекелермен толықтырылды:

*Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
*Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
*Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
*Ветеринарлар күні – 10 шілде;
*Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
*Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
*Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.

Құжат 22 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу