KZ
Өскемен
-22°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
508.91 594.36 6.33

Өскемен-Семей жолы жабылды

2.03.2023, 09:17 504 Оразай Жеңісұлы

«ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, сағат 09.00-де Өскемен мен Семей арасындағы жол жабылды.

Көлік қозғалысы күн райының бұзылуына байланысты шектелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Республикалық маңызы бар Өскемен-Семей тасжолының учаскесінде (10-шы және 103-ші шақырым аралығы, Герасимовка-Абай облысының шекарасы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар автобустарың, жүк көліктерінің қозғалысы шектелді», - деп жазылған хабарламада.

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу