KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, В
501.02 597.27 6.59

Бажов көшесінде қыз баланы көлік қағып кетті – Өскемен

16.11.2022, 10:13 467 Ләззат Қанатқызы

12 қараша күні облыс орталығындағы Бажов көшесінде қыз баланы көлік қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыз түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан ЖҚЕ бұзу), — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары құпия түрде жүргізілетіндіктен полиция қызметкерлері оқиғаның нақты қай жерде болғанын айтудан бас тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу