KZ
Өскемен
-10°
туман Штиль
502.27 597.15 6.57

ШҚО орман шаруашылығын жүргізудің озық тәжірибесін Беларусь мамандарынан үйренбек

Фото: Махаббат Ахметжанова
Фото: Махаббат Ахметжанова
20.08.2025, 15:45 248 Әбішев Ержан

Қазіргі кезде Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулында Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан 875 миллиард теңге сомасына 52 жоба бар. Жобалар пулын толықтыру жұмысы жалғасуда. Негізгі басымдық экономиканы әртараптандыруға, қайта өңдеуді, ағаш өңдеу өнеркәсібін, аквамәдениетті, шағын ГЭС-терді және өзге де бейресми бағыттарды дамытуға берілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының экономикасына салынған инвестиция көлемі 384,6 миллиард теңгені құрады. Инвестиция көлемінің өсімі 112%-ға жетті.
Қазіргі таңда Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулында ШҚО-да өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, энергетика және туризм салаларында жүзеге асырылып жатқан 875 миллиард теңгеге 52 жоба бар.

– Жүргізілген талдау мен инвестициялық жобалардың іске асырылуының нәтижесі бойынша 2025 жылға күтілетін инвестиция көлемі 855 миллиард теңгені құрайды. Өсім – 111,5%, – деді ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында.

Оның айтуынша, Инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулын толықтыру жұмысы жалғасуда.

– Экономиканы әртараптандыруға, қайта өңдеу ісін, ағаш өңдеу өнеркәсібін, аквамәдениетті, шағын ГЭС-терді және басқа да бейресурстық бағыттарды дамытуға басымдық беріліп отыр, – деді Исатай Аңсат. – Сонымен бірге, өңірдің ағаш өңдеу өнеркәсібінде орман орналастыру мәселесі бар. Осы саладағы озық тәжірибені зерделеу үшін биылғы қыркүйек айында Беларусь Республикасына іссапар жоспарланған. Беларусьтың орман орналастыру моделі ең тиімділердің бірі болып саналады, онда орман ресурстарын ұтымды пайдалану жүйесі қалыптасқан. Бұл тәжірибені Шығыс Қазақстан жағдайына бейімдеуге болады.

Іссапар қорытындысы бойынша өңірде саланы дамыту жөнінде ұсыныстар дайындалады.
Ал шағын ГЭС жобаларын дамыту мәселесінде Шығыс Қазақстан Түркістан және Алматы облыстарының тәжірибесіне сүйенбек.

– Маңыздысы, шағын ГЭС жобалары барынша жергілікті жердің ерекшеліктеріне, аймақтың нақты қажеттіліктеріне бейімделген болуға тиіс. 2026 жылға арналған жобалар пулын ағымдағы жылы-ақ дайындап, тиісті министрлікке өтінім беру орынды, – деп қосты спикер. 

Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу