Бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің өзгеруі туралы ақпарат - фейк
depositphotos.com
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған "2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен зейнетақы төлемдерінің жаңа тәртібі енгізіледі" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бұл жалған ақпарат зейнетақы төлемдерінің орнына 39 000-нан 45 000 теңгеге дейін қосымша төлемдер енгізіледі деген заң жобасына қатысты тарап жатыр. Бұл өзгеріс еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемдерін алмастыру туралы жалған мәліметке негізделген.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы зейнетақы төлемдері үш құрамдас бөліктен тұрады: базалық, ынтымақты және жинақтаушы бөліктері.
Жалған ақпарат таратқандар заңмен қудаланады. Сенімді ақпарат тек ресми дереккөздерден алынуы қажет.