KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 3 м/с, В
513.55 602.09 6.42

«Учаске» жедел шарасы басталды: басты мақсат – халықпен байланыс

Фото: ҚР ІІМ

6.09.2025, 11:00 211 Төлеуғазы Жансая

Қыркүйектен бастап елімізде дәстүрлі «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл шараның басты мақсаты – учаскелік инспекторлардың халықпен байланысын нығайту. Олар тұрғын үй секторларын аралап, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қару иелерін және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды тексеруге бағытталған жұмыстар жүргізеді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ең басты назар әрбір аулада және әрбір үйде қауіпсіз әрі сенімді орта қалыптастыруға аударылады.

– «Тек азаматтармен тығыз ынтымақтастық арқылы ғана проблемаларға жедел ден қойып, құқықбұзушылықтың алдын алуға болады», – дейді тәртіп сақшылары.

ЖПІШ аясында учаскелік инспекторлар үйлерді аралап, отбасыларға барып, тұрғындармен кездесіп, олардың мазалап жүрген мәселелерін шешуге көмектеспек.

Полиция азаматтарды аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуге шақырады, өйткені әрбір адамның қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндеті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу