Жастар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ойыншық сыйлады – Өскемен
Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдан жасалған ұшақтар сыйлады.
Ойыншықтарды Жас техниктер станциясының оқушылары жасаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жақында «Игі істер аптасы» акциясы бастау алған. Осы орайда қалалық Жастар ресурстық орталығы да тыс қалмай, өз үлесін қосқан. Жастар «HappyNauryz» челленджі аясында "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қолдан жасалған ұшақтар сыйлады.
Ойыншық ұшақтар – Жас техниктер станциясындағы үйірмелерге қатысушы жеткіншектердің қолынан шыққан, қиялынан қанаттанған туындылар.
Оқи отырыңыз