KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, ОБ
522.38 612.6 6.54

ШҚО делегациясы Омбыда: Кеме қатынасынан бастап мәдени туризмге дейінгі әріптестік талқыланды

2.08.2025, 19:00 1 581 Ержан Әбіш

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Омбы қаласында Ресей Федерациясы Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкомен кездесті. Басқосуда Ертіс арқылы кеме қатынасын жандандыру, инвестиция тарту, туризм, экология, спорт және өзге де стратегиялық бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасай отырып. 

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға уағдаласты.
Сонымен қатар жастар бастамаларын қолдау, мәдени-тарихи туризмді дамыту бағытында бірлескен жұмыс тобын құру және екіжақты ынтымақтастықты 2028 жылға дейін кеңейтуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері қаралды.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Омбы қаласына кеше барған болатын. Сапар аясында облыс басшысы Омбы облысының губернаторымен екіжақты әріптестікті дамытуға бағытталған кездесу өткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу