KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 8 м/с, Ю
522.38 612.6 6.54

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар ауданына жұмыс сапарымен барады

Бүгін, 09:30 80 Базарова Айгүл

Аймақ басшысы сапар барысында ауданның әлеуметтік және экономикалық маңызы бар бірқатар нысанды аралап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Облыс әкімі алдымен «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан тұрғын үйлердің құрылыс қарқынын бағалайды. Сондай-ақ, 150 орынға арналған бастауыш мектептің сапасымен танысады. Бұл – білім беру нысаны ауылдық елді мекендегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жоба. Құрылысы келер жылы аяқталуы тиіс.

Аудан орталығындағы Д.М. Парий көшесі, 47-үй мекенжайында орналасқан үш қабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен де танысады. Бұл нысанның жалпы ауданы – 1200 ш.м. Құрылыс жұмыстары биыл сәуір айында басталып, желтоқсанның соңына дейін аяқталуы тиіс.

Айта кету керек, биыл аудан бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 6,5 млрд теңгені құрайды. Есепті кезеңде 3 929 ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,9% өсімді көрсетеді (2024 жылы – 3 224 ш.м.).

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен кейіннен сатып алу шартымен 40 пәтер аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға салынды. Сонымен қатар, 8 пәтер мемлекеттік қызметшілер үшін сатып алынды. Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үй кешеніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сапар барысында облыс әкімі «ЛИК» шаруа қожалығының қызметімен де танысады. Кәсіпорынның негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және өткізу.
Қожалықта 20 адам еңбек етеді. Айналым кәсіпорынның өз қаражаты және кредиттік ресурстар есебінен қалыптасуда. Орташа айлық жалақы – 200 000 теңге.

Бүгінде шаруашылықтың жалпы жер көлемі – 3 411 гектар, оның ішінде:
– егістік – 2 375,56 га,
– жайылым – 817,9 га,
– шабындық – 197,6 га,
– өзге жерлер – 20,4 га.
Қожалықта барлығы 26 бірлік техника бар.

Экономикалық көрсеткіштерге сәйкес, Самар ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,2 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 1,6 млрд теңге, тау-кен өндіру саласы – 4,2 млрд теңге.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,7 млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 8,6 млрд теңге.
Қазіргі таңда ауданда 934 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5% немесе 23 бірлікке артық.

Жұмыс сапары аясында Нұрымбет Сақтағанов аудан халқымен кездесіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.


Фото: Артем Жигулин 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу