Қазақстан Ұлттық банкі алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертеді
pixabay.com
Қаскөйлер коммуналдық қызметтің немесе ұялы байланыс операторының қызметкері атынан хабаласатын болған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Олар азаматтарға қоңырау шалып, мобильді телефондағы SIM-картаның қолдану мерзімі немесе коммуналдық есептеуіш құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанын хабарлайды.
Телефонмен әңгіме кезінде азаматтарға олардың қызметін ұзартуға немесе электрондық кезекке тұруға болатынын айтады.
Қазақстан Ұлттық банкі азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады.
Егер алаяқтық іс-әрекетке тап болсаңыз, тиісті арызбен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Консультация алу үшін Ұлттық банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады.