KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Өскеменде жылыту маусымы аяқталды

29.04.2019, 09:06 1 213

Бүгіннен бастап қалада жылу беру тоқтатылады. Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ  мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ауа температурасы +10 С°-тан жоғары шекте тұрақталғандықтан, жылыту маусымы аяқталады. 29-30 сәуір күндері тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатыла бастайды.

Өтініш бойынша жылуды балабақшалар, мектептер мен ауруханалар, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар 22 мамырға дейін пайдалана алады.

Өтініш беру орыны: М.Горький көшесі, 61.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу