KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Қалжырда ауылдық клуб ашылды

31.08.2019, 06:45 366

Марқа өңіріндегі Қалжыр ауылында  ауылдық клуб ашылды, деп хабарлайды Өзекті ақпараттық порталы.

 
Аудан әкімі Дулат Қажанов салтанатты жиында құттықтау сөз сөйледі

- Жасалып жатқан жұмыстардың барлығы облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен болып отыр. Бұл мәдениет ошағының Қалжыр халқы үшін пайдасы көп болады деген үміттемін,-деді аудан басшысы.


Клубтың лентасы салтанатты түрде кесіліп, "Үкілі домбыра"балалар оркестрінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Ғимараттың ішінде іс-шаралар өткізуге арналған сахна және кітапхана  бар.

- Біздің Марқакөлдің мәдениеті жақсы дамыған, мына мәдениет үйі рухани жаңғырудың бір көрінісі, - дейді ауданның мәдениет қайраткері Ильхамжан Ниғметжанов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу