KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

"Торпедо" турнир кестесінің сегізінші сатысына түсіп қалды

6.11.2019, 10:59 459

Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының 21-ші турында Қарағандыда жергілікті «Сарыарқамен» кездескен «Торпедо» кезекті рет ұпай жоғалтуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұл – жерлестеріміздің жаңа маусымдағы оныншы жеңілісі. Қарағандыдағы кездесу барысында жерлестеріміз екі мәрте есепте алда болғанын, бірақ жеңісті нәтижені ұстап тұра алмағанын айтқан абзал. 3:4 есебімен қарағандылықтардың пайдасына аяқталған ойында «Торпедо» сапында қорғаушылар Дмитрий Громов пен Дмитрий Молодцов, сондай-ақ шабуылшы Денис Игнашин көзге түсті.

Осы сәтсіздігінен кейін турнир кестесінің сегізінші сатысына түсіп қалған «Торпедо» келесі кездесуін тағы да сол «Сарыарқамен» өткізеді. Бұл ойын 9 қараша, сенбі күні Өскемендегі Борис Александров атындағы спорт сарайында ойналады. Басталуы кешкі сағат 17:00-де.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу