KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
495.1 583.72 6.46

"Торпедо" турнир кестесінде төмен қарай төрт сатыға бірақ сырғыды

28.10.2019, 08:33 474

«Торпедо» қатарынан екінші ойында ұпай жоғалтты. Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында Башқұртстанның Нефтекамск қаласында жергілікті «Торосқа» жол берген Алексей Ждахин командасы турнир кестесінде бірден төрт сатыға сырғыды.

2:1 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталған ойында «Торпедоның» жалғыз шайбасын Евгений Рымаревтің пасынан кейін команда капитаны Александр Шин соқты.

Қазір турнир кестесінің оныншы орнында тұрған «Торпедо» келесі кездесуін Өскеменде Нұр-Сұлтанның «Номадымен» өткізеді. Бұл ойын 30 қазан, сәрсенбі күні ойналады. Басталуы кешкі сағат 18:30-да.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу