KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Елімізде коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

31.03.2020, 05:57 288

Елімізде коронавирустан екінші адамның өлімі тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы жедел түрде шұғыл өткізілген брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

- Өкінішке орай, бүгін коронавирустан еліміздің тағы бір азаматы көз жұмды. Ол 21 наурыздан бері дәрігерлер қарауында болған- деді Сәуле Қисықова.

Пациент 50 жаста болған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысында жиі іс-сапарларға шығып тұрған. Жақын байланыста болған отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден барлығы 31 адам ауруханаға жатқызылды. 

Осы ретте басқарма басшысы тағы 6 адамның жағдайы ауыр екенін,  билік тарапынан қойылған барлық талаптардың орындалуы және карантин режимінің сақталуы тиіс екенін баса айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу