KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 1 м/с, С
505.17 599.54 6.59

Театр көрермендері қойылымды сахнада тамашалады - ШҚО

Фото: Ынтымақ Толқын

4.04.2023, 12:30 1 113

Өскемен қаласындағы ШҚО драма театрында 1-2 сәуір күндері Жан Батист Мольердің «Еріксіз емші» комедиясы сахналанды. Көшпелі театр стиліндегі комедияның өзгеше қыры – көрермендердің қойылымды сахнада отырып тамашалауы. 
Жаңа форматтағы қойылымды Жастар театрының өнерпаздары әзірлеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Қоюшы режиссері – Абай Дәулетұлы, сценографиясын жасаған – Айбек Самарқанов. Ұйымдастырушылар сахна әрлеуі мен қойылымның форматы арқылы 16-шы ғасырдағы жағдайды көрерменнің көз алдына әкелуге тырысқан. 
Театрсүйер қауым қойылымды енді 14 сәуірде тамашалай алады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу