Өскеменде салынатын ЖЭО-ға қатысты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті
Биылғы сәуір айында Қазақстан мен Ресей көмір жылу электр орталығын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын. Жоспарға сәйкес жаңа жылу электр орталықтары Көкшетау, Семей және Өскеменде салынбақ. Ал олардың құрылысын ресейлік «Интер РАО» компаниясы жүргізеді.
Бүгін Өскеменде жаңадан салынатын жылу электр орталығының құрылысына қатысты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Оған «Самұрық-Энерго» ұлттық компаниясы мен ресейлік «Интер РАО» компаниясының, өңірдегі энергетикалық кәсіпорындардың, Өскемен жылу желілері мекемесінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жиында нысанның салынатын жері, техникалық-экономикалық шарттары жайлы айтылды.




